Қазақстан Қытаймен арадағы кедендік статистикадағы алшақтықты қысқартты

"Айналы статистикадағы" мұндай алшақтықтар іс жүзінде барлық елдерде бар.

Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистика алшақтығын қысқарту үшін қандай шара қолданылып жатқанын және осы шаралардың нәтижесінде алшақтық қаншалықты азайғанын айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның және оның сауда әріптестерінің сыртқы сауда статистикасындағы алшақтық мәселесі кеден саласында талқыланатын мәселелердің бірі болып табылады.

БҰҰ деректері бойынша "айналы статистикадағы" мұндай алшақтықтар іс жүзінде барлық елдерде бар.

Көбінесе бұл заңнаманы бұзылушылық деп қате болжанады, мәселен негізінен алшақтықтар барлық елдерге тән кеден статистикасын қалыптастырудың әдіснамалық ерекшеліктерімен байланысты:

- импорт шығарылған елі бойынша (өндіруші ел), ал экспорт межелі елі бойынша (аумағында тауар тұтынылатын мемлекет) есепке алынады;

- жеткізу (импортталатын тауарлар үшін – CIF бағасының типі бойынша, экспортталатын тауарлар үшін – FOB бағасының типі бойынша) және тауарларды жіктеу (бір және сол тауар елдерде әртүрлі кодтармен жіктелуі мүмкін) шарттарында айырмашылықтың болуы;

- әртүрлі кеден рәсімдері (уақытша әкету, уақытша әкелу және басқалар), тауарларды құндық бағалау ерекшеліктері және өзгелері.

Оларды қалыптасырудың объективті айырмашылықтарын ескере отырып, "айналы статистикадағы" алшақтық әрдайым болады.

ҚХР-мен бірлескен жыл сайынғы салыстырулардың нәтижелері бойынша ҚР-ҚХР алшақтықтары болған жағдайда алшақтықтардың қосымша себептері айқындалды:

- ҚР арқылы өткізілетін кытай тауарлары транзитінің бір бөлігі бірінші шекарадан өту белгісі бойынша ҚХР статистикасында ҚР-ға экспорт ретінде көрсетіледі, мұны қытай сарапшылары растайды (тәртіп үлесі 50%);

- "Қорғас" ШЫХО арқылы іске асырылатын тауарлар ҚХР-ның статистикасында ҚР-ға экспорт ретінде көрсетіледі, мәселен ҚР-да мұндай тауарлар декларациялаусыз жеңілдетілген тәртіпте ресімделеді (тәртіп үлесі 50%).

Сарапшылардың пікірінше алшақтық деңгейіне дұрыс емес декларациялау да, қазақстандық импорттаушылардың кедендік құнын төмендетуі де белгілі бір әсер етеді.

Осы тәуекелдерді алып тастау мақсатында жүйелік және нүктелік шаралар қабылданды.

1. Толық электрондық кедендік декларциялау және бақылау нысандарын автоматты түрде тағайындайтын тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Салық төлеушінің адалдық деңгейі неғұрлым жоғары болса, оған қысым соғұрлым аз болады. Бақылау нәтижелерімен машина өздігінен жетілдіріледі.

2020 жылы 53,5 мың бұзушылық (2019 ж. – 57,1 мың) анықталды, нәтижесінде 25 млрд. теңге өндірілді.

Сондай-ақ рұқсат құжаттарын электронды түрде алу мерзімдері 30 күннен 5 күнге дейін қысқартылды.

2. Өткен жылы Қазақстан барлық елдер арасында алғаш рет ҚХР-мен тауарларға экспорттық декларациялардан мәліметтерді онлайн режимінде алмасуды бастады. ҚХР Бас кеден басқармасымен он-лайн алынатын экспорттық декларациялардан алынған мәліметтердің (алдын ала ақпараттандыру) сапасын арттыру мәселесі пысықталуда. Қазіргі уақытта байланыс арналары орнатылды, сәйкестендірілген деректердің деңгейі 25%.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және ашықтық пен біртектілікті қамтамасыз ету мақсатында кедендік бақылауды орталықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылғы наурызда шекара маңындағы өткізу пункттерін бақылау мен мониторингтеу үшін арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің Ахуалдық орталығы құрылды. Тәулік ішінде Орталық көлік құралдарының шамамен 1 мың рентген-суреттері талданады.

2020 жылғы қыркүйекте "Электрондық декларациялау орталығы" пилоттық жобасы іске қосылды, оның шеңберінде тауарлардың кедендік құны мен жіктелуін бақылау жүзеге асырылады. Пилот іске қосылған сәттен бастап 2020 жыл ішінде 2,7 млрд. теңге сомасында кедендік салықтар мен төлемдерді қайта есептеу жүргізілді.

4. 9 автомобиль өткізу пункттерін қайта құру мен жаңғырту үшін әзірлеу жұмыстары аяқталды. Өткізу пункттерінің өткізу мүмкіндігін 8 есеге дейін (тәулігіне 720-дан бастап 5 400-ге дейін жүк автокөлікті) ұлғайту жоспарлануда.

Сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде халықаралық тасымалдауға арналған навигациялық пломбаларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл бизнес үшін кедендік формальдылықты жеңілдетеді және кедендік бақылауда тұрған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, қытай тауарларына әкімшілендіруді күшейту әкімшілендіруі ең әлсіз көрші елдерге импортталатын тауарлардың ағымына және кедендік құнды төмендету мүмкіндігіне әкеп соқтырады.

Мысалы, Қырғызстанда жаңа піскен алмұрттар 0,65 долл./кг бойынша, ал ҚР-да – 1,04 долл./кг бойынша ресімделген, Қырғызстанда қабықтағы грек жаңғағы 0,52 долл./кг бойынша, ал ҚР-да – 1,31 долл./кг бойынша ресімделген.

Қырғыз Республикасына қытай тауарларының "ағынына" жол бермеу мақсатында тәуекелдер бейінін өзгерту, навигациялық пломбаларды қолдану, тақырыптық салықтық тексерулерді күшейту арқылы қазақстан-қырғыз шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде бақылау күшейтілді.

Мәселен, 2020 жылы 2 мыңнан астам автокөлік құралдары тексерілді, 95% бұзушылықтар анықталды. Жалған транзит 2019 жылы 21%-дан бастап 2020 жылы 13%-ға дейін қысқартылды, жалған алушылардың мекенжайына тауарларды әкелу 9 есеге (2019 жылы 2,6 мың фактіден бастап 2020 жылы 295 фактіге дейін) қысқартылды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 308 тәуекелі жоғары автокөлік құралдары тексерілді, 275 жағдайда (89%) мәлімделмеген тауарлар анықталды, жалған транзиттің үлесі 2%-ға (141 факт) дейін қысқартылды, жалған алушылардың мекенжайына тауарларды әкелу 14 есеге (21 факт) қысқартылды.

Жалпы, қабылданған шаралардың нәтижесінде, ҚХР-мен кедендік статистиканың алшақтығы 2017 жылы 60%-дан (7 млрд. долл.) бастап 2019 жылы 48%-ға (6 млрд. долл.) дейін қысқартылды. Ағымдағы жылы шамамен 45% (5,3 млрд. долл.) күтілуде. Алшықтықты одан әрі төмендету жоспарлануда, - деді Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: