Тоқаев Үндістанның қалыпты өмір салтына оралатынына сенімді

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге Үндістанның қазіргі ауыр сынақтан сүрінбей өтіп, елінің орнықты дамуына және одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқы және жеке өзі үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген, делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

Мемлекет басшысы коронавирустың шекараға бағынбайтынын, бүкіл әлемге таралып, адамдарға көптеп жұғып жатқанын қынжыла атап өтті. Ол індеттен қайтыс болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, дертке шалдыққандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

– Осындай қиын-қыстау кезеңде біз үндістандық достарымызбен бірге пандемияны ауыздықтау мақсатында күш біріктіруге және мемлекеттеріміз арасындағы берік достық пен өзара қолдау аясында қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Үндістан Үкіметі Сіздің дана басшылығыңызбен бұл дағдарысты еңсеріп, елдің қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз ете алатынына кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге Үндістанның қазіргі ауыр сынақтан сүрінбей өтіп, елінің орнықты дамуына және одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы