Министрлер қандай вакцина салдыртып жатыр - Цойдың жауабы

Сурет: zakon.kz
Министрлер де қатардағы өздеріңізбен бірдей азаматтар - Денсаулық сақтау министрі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой министрлер мен парламент депутаттары қалай екпе алып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министріне "барлық министрлер мен депутаттар екпе салдыртты ма, бәрі бірдей салдыртса, онда олар қай вакцинаны таңдады" деген сұрақ қойылды.

Менде нақты деректер жоқ, бұл жеке деректер. Бірақ жалпы алғанда біз әртүрлі вакциналар таңдалып жатқанын білеміз. Біреуге QazVac вакцинасы салынған, біреуі "Sputnik V-ні "алды. Енді Хаят Вакспен екпе салдырту мүмкіндігі туып жатыр. Мұндай нақты таңдау жоқ, министрлер де қатардағы өздеріңізбен бірдей азаматтар, - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі.

Ол қазір мемлекеттік қызметкерлері арасында вакциналау белсенді жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда барлық вакциналар тиімді және қауіпсіз.

Денсаулық сақтау министрінің өзі отандық вакцинаның алғашқы дозасын 26 сәуірде қабылдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі