Путин қырғыз президентін Мәскеуге шұғыл шақырды

Mikhail Metzel (TASS)
Жапаров мамыр айында Мәскеуге іс-сапармен баратыны белгілі болды.

10 мамырда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен, дейді centralasian.org.

Телефон әңгіме Ресей президентінің бастамасымен болған.

Онда екі ел басшысы 28-30 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыс жайлы сөз еткен.

Путин шекарадағы жанжалдың салдарын жою үшін гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізген.

Келіссөз қорытындысы бойынша Садыр Жапаров мамыр айында Мәскеуге іс-сапармен баратыны белгілі болды. Онда Еуразия экономикалық интеграциясы туралы сөз болады делінген.

Сонымен бірге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы (ТМД) және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі көтерілетіні айтылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты