Адвокат Ерлан Макенов пен оның қорғауындағы "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп COVID-19-қа қарсы алған екпеден кейінгі жағдайлары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда Есіл сотында "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Іс, бұрын хабарланғандай, 361-бап (Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану) 4-бөлімнің 3-бөлігі және 287-бап (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 2-бөлігі бойынша қаралуда.
Осы уақытқа дейін адвокаттар мен прокурор бірқатар куәгерлерден, оның ішінде "СК-Фармация" ЖШС-нің бұрынғы және қазіргі қызметкерлерінен, сондай-ақ сатып алуға қатысқан компаниялардың бірінің өкілінен сұрақ-жауап алып үлгерді. Бұған дейін осындай тыңдаулардың бірінде адвокат Ерлан Макенов судьяға сот кезінде бейнекамераны өшіріп тастауы мүмкін екенін ескерткен, өйткені ол вакцина алғаннан кейін өзін нашар сезініп отырғанын жеткізген.
Адвокат (Ерлан Макенов - ред.), вакциналаудан кейін өзіңізді қалай сезінесіз? - деп сұрады судья Қанат Дүйсембиев сот отырысы барысында.
"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысын қорғаушы Ерлан Макенов қазір өзін жақсы сезінетінін, бірақ вакцинаның екінші компонентінен кейін тағы да жанама әсерлер қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Олар екінші вакциналаудан кейін тағы осылай ауыруыңыз мүмкін деді, бірақ оны 19 мамырда аламын, - деп түсіндірді адвокат.
Өз кезегінде Берік Шәріп тергеу изольяторында вакцина алғанын, бірақ адвокатына қарағанда екпені әлдеқайда жақсы көтергенін айтты.
Құрметті сот, мен тергеу изоляторында екі вакцинаны да алдым. Екеуін де жақсы көтердім, дене қызуым көтерілмеді. Мұнда (тергеу изольяторында - ред.) вакциналау науқаны жүргізілді, біз "Sputnik V" екпесін алдық. Мен екінші дозаны мамыр айының басында алдым және бәрі жақсы өтті, - деп түсіндірді "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы.
Адвокат Ерлан Макенов тергеу изольяторындағы бірқатар клиенті басқа таныстарына қарағанда коронавирусқа қарсы вакцинаны жақсы көтергенін мойындады.
Бір таңқаларлығы,тергеу изольяторындағы немесе жазасын өтеп жатқан менің барлық клиенттерім вакциналаудан кейін ауырмады, ал бостандықтағы өзге достарым мен таныстарымның бәрі ауырды, - деді Макенов.