Қазақстанға келген қандастар көбіне Алматыға жайғасып жатыр

holanews.kz
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 11,1%-ының жоғары білімі жоқ.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдайға сай 5 685 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 76,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,9%) Өзбекстаннан, 10,7%-ы ҚХР-дан, 5,4%-ы Түрікменстаннан, 2,9%-ы Моңғолиядан және 4%-ы басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31%), Түркістан (15,8%), Маңғыстау (15,9%) және Жамбыл (7,8%) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (11,4%) қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 24,6%-ды және зейнеткерлер 18,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 11,1%-ының жоғары, 39,8%-ының арнайы орта, 45%-ының жалпы орта білімі бар және 4,1%-ының білімі жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр