Орталық Азия елдері су жинау лимиттерін бекітті

Экология министрлігі
Кездесу барысында 2020-2021 жылдардағы вегетацияаралық кезеңнің қорытындылары қаралды.

Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 80-ші отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Отырыс Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Джамшед Шоимзодтың төрағалық етуімен өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов басқарды. Өзбекстан Республикасынан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Түркіменстан Республикасынан Су ресурстары мемлекеттік комитетінің бірінші орынбасары Довлетмурад Маммедов қатысты.

Кездесу барысында 2020-2021 жылдардағы вегетацияаралық кезеңнің қорытындылары қаралды, сондай-ақ елдердің су тарту лимиттері бекітілді және 2021 жылғы вегетациялық кезеңге арналған Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының жұмыс режимдері қаралды.

Сонымен қатар, Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығы Түркменбашы қаласында өткен ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитінде айтылған ұсыныстар мен бастамаларды орындау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндады.

Тараптар ХҚКК жұмысы шеңберінде өзара құрмет және тату көршілік қағидаттары негізінде жан-жақты ынтымақтастықты нығайта түсетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды