Цой коронавирусқа шалдығушылар саны күрт төмендегенін мәлімдеді

Сурет: zakon.kz
Қалған бес өңір "жасыл" аймақта орналасқан.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан қазір "сары" аймақта болып табылады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Қарағанды, Атырау, Ақмола облыстары - "қызыл" аймақта. Батыс Қазақстан облысы "қызыл" және "сары" аймақтардың шекарасына келіп тұрақтап тұр. "Сары" аймақта алты өңір бар: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан Қазақстан облыстары.

Қалған бес өңір "жасыл" аймақта орналасқан.

Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайдың цифрлары ауруға шалдығушылар деңгейін төмендеуі және біртіндеп тұрақтану сынды оң тенденцияны байқатады. Соңғы аптада коронавирус анықталған адамдар саны 4 мыңға дейін азайды. Жалпы алғанда, соңғы бір айда ауруға шалдығушылар деңгейі 20% -ға төмендеді, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.

Республикамызда жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың науқастармен қамтылу деңгейі 33% құрайды, бұл мамыр айының басымен салыстырғанда 8% -ға, қарқынды терапия төсек-орындарындағы қамтудың 2% -ға төмендегененін көрсетеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады