Нұр-Сұлтанның Қабанбай батыр даңғылында "Сергек" қайта қосылды

informburo.kz
Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына!

26 мамырдан бастап "Сергек" камералары Қабанбай батыр даңғылы бойынша айналма жол айырығынан (Қарқаралы тас жолы) Сығанақ көшесіне дейін бір бағыттта учаскеде бөлінген қоғамдық көлік жолағы бойынша жол жүру бұзушылықтарын тіркей бастайды, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрсетілген бағытта тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ осы жолақтың бар екендігі туралы хабардар ететін жол таңбасы салынған, бүгінгі күні олардың талаптарын сақтау міндетті болып табылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын барынша мұқият болуды және жол қозғалысын реттеудің қолданыстағы техникалық құралдарының талаптарын басшылыққа ала отырып, қозғалысты жүзеге асыруды сұраймыз. Жол қозғалысы және қауіпсіздік бөлігіндегі барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша 53-27-74, 69-75-75, 71-69-77, whats аpp 8-708-382-13-76 телефондары бойынша Нұр-Сұлтан қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасының колл-орталығына хабарласуға болады, делінеді хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады