Сабр Есімбеков Қазақстанның Жапониядағы Елшісі болып тағайындалды

ҚР СІМ
Сабр Есімбеков 1964 жылы 27 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Сабр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстанның Жапониядағы Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сабр Есімбеков 1964 жылы 27 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

КСРО СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын; КСРО ҒА (РҒА) Шығыстану институтының Жапон зерттеулері орталығын; Йокогама мемлекеттік университетін бітірген.

Өзінің дипломатиялық мансабын 1995 жылы Қазақстан Республикасының Жапониядағы Уақытша сенімді өкілі қызметінен бастаған. 1997-2000 жылдары Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде бірінші хатшы ретінде жұмыс істеді.

2000 жылдан 2012 жылға дейін мұнай-газ компаниялары мен инвестициялық холдингте әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды.

2012-2014 жылдары Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті болды.

Қазақстанның Жапониядағы елшісі болып тағайындалғанға дейін "АЛМЭКС" Холдингтік тобы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

II сыныпты екінші хатшы дипломатиялық дәрежесіне ие.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды