Тоқаев Exxon Mobil корпорациясының вице-президентін қабылдады

Ақорда
Мемлекет басшысына Қашағанды игеру қарқыны мен Теңіз кен орнын кеңейту бағытындағы жұмыстар баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманды қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Exxon Mobil корпорациясы арасындағы ықпалдастықтың перспективалары, көмірсутегі саласындағы бірқатар жобалардың жүзеге асырылуы, «жасыл» технологияларды енгізу, сондай-ақ, әлемдік энергетика нарығындағы қазіргі ахуал талқыланды.

Мемлекет басшысына Қашағанды игеру қарқыны мен Теңіз кен орнын кеңейту бағытындағы жұмыстар баяндалды.

Президент корпорацияның елімізбен серіктeстік орнатқан 28 жыл ішінде Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Нил Чапман Exxon Mobil үшін Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтіп, өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар америкалық кәсіпкер мұнайдың әлемдік нарығын одан әрі дамыту жөніндегі ой-пікірін ортаға салып, аталған саладағы өзекті мәселелер туралы айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді