Жапаров жиында видео қостырып, масқара күйдегі қырғыз шендісін көрсетті

видеодан алынды
Садыр Жапаров Шу облыстық сотының төрағасы Дамирбек Оңолбековке қатысты шара қолдануды тапсырды.

6 маусымда Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров сот және құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі кеңестің бірінші отырысын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қырғыз басшысы жиын алдында видео қостырды. Видеода мас адам кеңсесінің есігін аша алмай әбден әуреге түседі.

"Таныдыңыз ба? Кім екенін білесіз бе?" - деп сұрады Садыр Жапаров жанында отырған Жоғарғы соттың төрағасы Нұргүл Бәкіровадан.

- Шу облыстық сотының басшысына ұқсайды, - деп жауап берді ол.

- Дөп түстіңіз!

Садыр Жапаров Шу облыстық сотының төрағасы Дамирбек Оңолбековке қатысты шара қолдануды тапсырды.

"Ол күн сайын жұмысқа осылай мас күйінде келеді екен. Заңдарды алтын әріптермен жазсақ та, судьялар өзгермейінше, біздің реформа нәтиже бермейді, - деді Садыр Жапаров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды