Президент Алик Айдарбаевты қабылдады

Ақорда
Президент Алик Айдарбаевқа жұмыспен қамту мәселесін және компания қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын бақылауда ұстауды тапсырды.

Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есеп беріліп, орта мерзімдегі даму стратегиясы таныстырылды.

Алик Айдарбаев Президентке "ҚазМұнайГаз" компаниясының дағдарыс жағдайында қаржылық тұрақтылықты сақтағанын және қазіргі уақытта пандемияға дейінгі көрсеткіштерге қол жеткізу бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Мемлекет басшысына Каспий қайраңындағы пайдалы қазбаларды игеру жөніндегі "Абай", "Исатай", "Жеңіс" және "Әл-Фараби" сияқты инвестициялық жобалардың қазіргі мәртебесі туралы ақпарат берілді. Алик Айдарбаев полипропилен, полиэтилен және бутадиен өндірісі бойынша мұнай-газ химиясы жобаларына қатысты жұмыстардың барысына арнайы тоқталды. Сонымен қатар жаңартылатын қуат көздерін дамыту және көміртегінен тазарту жөніндегі компанияның жоспарлары туралы айтты.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Президентке ұлттық компанияның іске асырып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалары жайында, атап айтқанда, "Астрахан-Маңғышлақ" магистралды су құбырының қайта жөнделуі және Маңғыстау облысының Кендірлі кентіндегі су тұшытатын зауыттың құрылысы туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Айдарбаевқа ұлттық компанияның қаржылық тұрақтылығын одан әрі сақтауға, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ жұмыспен қамту мәселесін және компания қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын бақылауда ұстауды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады