Нұр-Сұлтан: Ковидке шалдығушылар азайып барады, бірақ өте баяу

wikimedia.org
Ауру деңгейі өткен аптаға қарағанда 18% төмен.

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Елордада COVID-19 эпидемиялық жағдай аурушаңдық деңгейінің төмендеуімен тұрақтанып жатыр. Аурудың төмендеу қарқыны өсіп келе жатқанын, бірақ өте баяу екенін атап өткім келеді. Соңғы үш аптада біз орта есеппен 10% -дан 19% -ға дейін деңгейді тіркедік. Сонымен бірге іс жүзінде тіркелген ауру көрсеткіштері коронавирусқа қатысты қолайсыз эпидемиологиялық ахуал әлі барын көрсетеді, - деді Сарқыт Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Ол қаланың "қызыл" аймақта әлі де қала беретінін атап өтті. Бүгінгі таңда тәулігіне 70-тен 200-ге дейін коронавирус инфекциясына шалдығушылар тіркеледі.

100 мың адамға шаққандағы апталық көрсеткіш мамыр айымен салыстырғанда 210-дан 110-ға дейін төмендеді. Бір апта ішінде COVID-19 ауруының 1 315 жағдайы тіркелді. Ауру деңгейі өткен аптаға қарағанда 18% төмен, - деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Бір тәулік ішінде қала бойынша 203 ковид науқас тіркелді, оның 53-і - белгісі білінбейтіндер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақтың алғашқы әйел дәрігері Аққағаз Досжанова туралы не білеміз

Қазақстан үкімет отырысын өткізудің жаңа форматына көшті