Кезекші және учаскелік полиция қызметкерлері крассовкамен жүретін болады

Жыл соңына дейін патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері жаңа форма киетін болады.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерлерінің жаңа формасы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері жаңа форма киетін болады.

Форма қазірдің өзінде тексеруден өткізіліп, сыналып үлгерді, бұл өте ыңғайлы және ықшам киім. Көшеде қызмет көрсету үшін жаңа элемент қарастырылды. Ол - полиция қызметкерлеріне қажет тобықтан төмен кроссовка, берцілер, өйткені олар халықпен жұмыс істейтін, көбіне жаяу жүретін әрі шұғыл әрекет ететін кезекші патрульдер, - деді Ішкі істер министрлігінің басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, патруль қызметкерлеріне түнгі уақытта алыстан көрінетіндей болу үшін киімдерінде көптеген шағылысатын элементтер болады.

Полицияның жаңа формаға көшетіндігі туралы 2018 жылы айтылған болатын. Содан кейін дизайн жобасы ұсынылды.

Қазіргі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл қызметке 2019 жылы тағайындалған. Содан кейін ол министрліктің стратегиясын өзгертетінін, полиция қызметкерлерінің мәртебесін және олардың білім деңгейін көтеретінін, содан кейін ғана формасын өзгертетінін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: