Қазіргі Құдайы жоқ судьяларды ертең уақыт соты жеңеді

stihi.ru
Әділдігіміз өз ішімізде өлмесін!

Жанболат Мамай мен Бауыржан Бәйбек ісінің нүктесі қойылыпты деп шулап жатыр екен ғой. Мен бұл екі азаматтың арасында болып жатқан дау мен сот істерінің бір де бір фрагментіне қараған жоқпын. Құлқым да жоқ қарауға, дейді Бекболат Қаржан.

Мен Қазақстанның бір де бір соттарына сенбеймін. Сенгім де жоқ, сенімім өлген. Соттан мен ешқашан әділдік іздемеймін. Соттан да, сот орындаушыларынан да мезі болғанмын. Дәл қазір сот арқылы айыппұл төлеп те жатырмын. Құдайы жоқ сот солай болады.

2016 жылғы мәслихат сайлауларында да талай қызық соттардың ішінде болдым. Талай талай сорақыны көрдім, өзімнің жеке басымда да соттардың иттігін көрдім. Сондықтан біздің соттарға люстрация керек дегеннен басқа ештеңе айтпаймын. Өз басым сот ісі десе, тұншығып кетемін. Ол жерден әділдік іздемей-ақ қойдым. Әділдігім өз ішімде өлмесін деп құдайдан тілеймін!

Ал, осындай соттың тірлігін ақтаушылар мен жақтаушылар ақтап, жақтап жүре берсін. Уақыт ертең орнына қойып береді. Уақыттың соты бәрін жеңіп кетеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды