Ресейде жүрген Нұрлан Сабуровты жерлестері туған қаласына әкім болуға шақырды

hsmedia.ru
Сабуровтың кандидатурасын жұрт кездейсоқ таңдап отырған жоқ, ол құрамында улы заттар бар қоқыстарды жоюға арналған кешеннің салынуына наразылық білдірген қала тұрғындарын қолдап, нәтижесінде олар жеңген еді.

Степногорск қаласының тұрғындары ерекше мәлімдеме жасады , олар өздерінің танымал жерлесі, әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қала әкімі болуды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қоғам белсенділері әзілкештің туған қаласына ерекше ықыласы барын атап өтті.

Жеңіске жету мүмкіндігін жоғары, біз солай ойлаймыз. Сіз Степногорск қаласының абсолютті тумасысыз, - дейді олар.

Azattyq Rhyhy сайтының хабарлауынша, Степногорск пен оның маңындағы елді-мекендердің жүздеген проблемалары бар: экология, құрылысы аяқталмаған көп қабатты тұрғын үйлер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, абаттандыру және тағы басқа.

Қалаға заманауи көзқарасы бар іскер басшы қажет, - дейді қоғам белсенділері.

Сабуровтың кандидатурасын жұрт кездейсоқ таңдап отырған жоқ, ол құрамында улы заттар бар қоқыстарды жоюға арналған кешеннің салынуына наразылық білдірген қала тұрғындарын қолдап, нәтижесінде олар жеңген еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды