Қазақстан мен Ауғанстан Әскери ынтымақтастық келісіміне қол қойды

ҚР Қорғаныс министрлігі
Нұрлан Ермекбаев пен Ауғанстан Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохиб кездесті.

Қазақстан мен Ауғанстан Әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Ауғанстан Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохиб кездесті.

Кездесуде Ауғанстан төңірегіндегі ахуал жөніндегі мәселелер талқыланды. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев еліміз Ауғанстандағы республикалық демократиялық жүйенің сақталуын қолдайтынын атап өтті. Министр шетел әскерлерінің шығарылуы елдегі жағдайды тұрақтандыруға негіз болады, сондай-ақ қақтығысушы тараптардың келіспеушіліктерін жою үшін ымыралы шешімдер табылады деген үмітін білдірді.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойылды.

Аталмыш құжат 2017 жылғы шілде айында Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мохаммад Атмардың Қазақстан Республикасына сапары барысында жасалған келісімі негізінде әзірленді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды