Рустам Әбдірахманов: Жазған мәліметіңді тексеріп алуың керек

Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желілердің полиция жұмысына қалай көмектесетіні туралы айтты.

Facebook пен Instagram желілерін қолданатын алматылықтарға Полиция департаменті тергеу жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың аккаунты жақсы таныс. Ол ПД қызметіне байланысты кез келген үндеу мен шағымға лезде жауап береді. Соған қарағанда, Рустам Тұралыұлын Қазақстанның ең ашық полицейі деуге болатын шығар. Әлеуметтік желідегі белсенділігі жұмысына көмектесе ме, қолданушылармен байланыста подполковник Әбдірахманов қандай қиындықтарға тап болады, бұл туралы zakon.kz порталындағы сұхбаттан оқыңыздар.

- Рустам Тұралыұлы, әлеуметтік желілерге "көшуге" қашан және қандай жағдай себеп болды?

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық меморганға, оның ішінде Ішкі істер министрлігіне арнаған тапсырмасы бар, бұл – ашық болу әрі халықтың проблемасын есту. Сонымен қатар, Қазақстан полициясы жұмыстың сервистік моделіне көшіп жатыр. Сондықтан әлеуметтік желілерде аккаунт ашу туралы шешімді айтпасақ та түсінікті.

Әлеуметтік желілерге менен басқа, аудандық бөлімшелер мен олардың орынбасарлары да тіркелген. Халықпен тығыз жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар аккаунт ашқаны маңызды. Олар ПИК-тің WhatsApp-тағы чатында да бар.

Бұрын, айталық, полиция адам қабылдау пунктіне немесе аудандық бөлімшеге барып, арыз жазғанда ғана көмектесетін еді. Қазір әлеуметтік желілер мен чаттар арқылы учаскелік инспекторлар тез арада әрекет етеді. Олар адаммен байланысқа шығып, пайда болған проблеманы анықтап, өз құзыреті аясында артық әуре-сарсаңсыз мәселесін шешеді. Кейбір мәселеде тіпті арыз жазудың да керегі жоқ.

- Ұмытпасам, сіз 2020 жылдан бері желілерде белсендісіз, солай ма?

- Мен Facebook-те 2019 жылдың желтоқсан айында тіркелдім, ал Instagram-да биылғы 20 сәуірде ғана тіркелдім. Бүгінгі жағдайда парақшаларды мұқият бақылауды қажет етеді, өйткені онда көптеген мәселе талқыланады.

- Әлеуметтік желіге тіркелгенде бірінші кезекте неге тап болдыңыз?

- Жағымсыздау бір жағдай: қолданушылар арасында полицияға наразылық білдіретін белгілі бір санат бар. Мұндай нәрселерге жауап бермеу мүмкін емес. Мен бір нәрсені өткізіп ала алмаймын, түсініктеме бермей өте алмаймын. Мысалы, бір қоғамдық қорлар бар, олардың парақшаларында әрдайым шындықты жаза бермейді. Бірақ менің байқағаным, егер бір жерде жауап берсем, бәрі бірдей емес екенін түсінеді де, басқа қолданушылардың жағымсыз пікірлері тоқтайды.

- Осындай дағдарысқа қарсы PR. Оңай ма екен?

- Азаматтарға жүгінудің дәстүрлі әдісі жойылған жоқ, бізге күнделікті келіп түсетін қағаз хат-хабар ағыны ешқайда кетпейді. Жүктеме тіпті өсті деп айтуға болады. Қала тұрғыны жіберген кез келген сұраққа бірден жоқ деп те жауап бере алмайсың ғой. Әсіресе, егер бұл аудандық бөлімшеде орналасқан қылмыстық іспен байланысты болса. Жағдайды түсініп, зерттеуге тура келеді.

Ал бір жағынан, егер қолданушы сұрақ қоймаса, мен тергеу бөлімшесінің кураторы ретінде қылмыстың құрбаны болған адам қазір біздің қызметкердің іс-әрекетінен зардап шегетінін білмеуім мүмкін. Тергеушілер, анықтаушылар, жедел уәкілдер адамдардың қарапайым қоңырауларына жауап бермейді.

- Ал әлеуметтік желілер бұл мәселелерді шешуге көмектесе ме?

- Қазір ІІМ-дегі шағымдар саны бірнеше есе азайды. Министрдің жеке блогы бар, онда халық жазады. Мен, өз кезегімде, оның парақшасына мониторинг жүргіземін, Алматы бойынша сұрақтарды белгілеймін.

Жалпы, әрине, әлеуметтік желілердегі белсенділіктің артықшылығы көп. Жағдайды жақсы біліп, қызметкерлеріміздің қай жерде шала жұмыс істегенін көріп отырамыз. Әлеуметтік желілер арқылы жүгінулер саны күн сайын артып келеді.

- Халық кері байланысты байқап отыр ма?

- Иә, байқамаса мұндай өсім де болмас еді. Ешкім жауап бермесе жазып қажеті не?

- Демек, сіз бүкіл жағдайды, соның ішінде ПД қызметкерлерінің жұмыс сапасын да көріп отырсыз және оларға алматылықтардың ғана емес, басшылықтың да сынына түсу қаупі бар. Сіздің әріптестеріңіз әлеуметтік желілерде қандай да бір жолмен сөйлесу үшін тіркелу керек деп күңкілдеген жоқ па?

- Мұндай қызметкерлер жоқ. Біреу Facebook-ті қалай қолдануды білмейтін жағдайлар болды. Мен түсіндіруіме тура келді. Олар жұмыс телефоны арқылы байланысқан екен: қызметкердің смартфоны бар, мен оған қайда басу керегін, топқа қалай кіру керегін айттым. Кейбіреуі хабарлау функциясын қоспаған екен, оларды бір жерде белгілегенін де білмейді екен. Қазір барлық процесс шешілді, бірақ былтыр, әрине, қызықты болды (күледі). Бізді блогер деп ешкім айтпас, бірақ бәрі дұрыс.

- Алматылықтар көбінде қандай шағым айтады?

- Әрқилы. Менің функционалым – қылмыстық істерді тергеу, бірақ маған тұраққа дұрыс тұрмаған біреуді де, тұмағасыз жүрген иттер туралы да жазып жататындар бар. Бұл сұрақтар жергілікті полиция қызметіне қатысты, бірақ мені белгілеп жатады. Шынына келсек, халыққа функционалыңыздың айырмашылығы жоқ. Бірақ Алматы қаласы полиция департаментінің имиджін көтеру, келеңсіздікті жою үшін мен барлық өтінішке әрдайым ден қоямын – олар қылмыстық істермен байланысты ма, жоқ па – қарап жатпаймын.

- Желілерге қарасақ, кейінгі кезде әйелдер мен балаларға қатысты жасалатын қылмыс саны көбейген сияқты…

- Өсіп жатқан жоқ. Құрғақ санмен қарау қыңыр нәрсе, біз ойлағандай педофилия мен тұрмыстық зорлық-зомбылық мұндай деңгейде емес. "НеМолчи" деген қор бар. Мен оның басшылығымен кездескенде таңғалған едім: мен сіздің хабарламаларыңызға жауап беріп жүрген жоқпын ба? Мұның бәрін жарияға шығарып не қажеті бар? Мессенджерге, Telegram-да жазыңыз – менде барлық байланыс құралына қосылған жалғыз нөмір бар.

Мысалы, былтыр Алмалы ауданында зорлау оқиғасы болды. Бізге ешқандай да қорға қатысы жоқ қыз келді – өзі. Алмалы АІІБ қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр. Күдікті зорлаушы ұсталды, жауап алынды. Өтініш беруші онымен бес жыл таныс болып, бірге тұрған екен. Екеуі де Қызылордадан. Содан кейін жігіт Алматыға жұмысқа кеткен, бірақ бұрынғы қызбен байланысын үзбеген. Бірде ол оған келгені туралы хабарлайды. Ол оны қарсы алуға келіседі. Күдікті пәтерді сағат бойынша жалдаған. Камералардан біз олардың бірге өз еріктерімен барғанын байқадық.

Қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі үшінші немесе төртінші күні Facebook-те Алмалы аудандық ішкі істер басқармасын сынға алған хабарлама пайда болды. Полиция қызметкерлері ақшаны бопсалап жатыр деген болжам айтылды, күдікті – судьяның немесе прокурордың ұлы. Бірақ әлеуметтік желілерді Президент Әкімшілігі мен ІІМ-де, министрдің өзі де бақылайды ғой. Олар оқып, қандай әсерде қалады? Бұл Алмалы АІІБ жиіркенішті жұмыс істейді деген түсінік қалыптастырады ғой.

Facebook қолданушылары күдіктіні ұстауды, қамауға алуды, ұстау изоляторына қамауға алуды талап етті. Біз бұған қоғамдық пікірдің қысымымен баруға дайын едік, бірақ жаңа мәліметтер пайда болды. Кездесу кезінде жігіт телефонын жасырын камера ретінде орнатып, бүкіл романтикалық кездесуді түсіргені белгілі болды. Бұл видео біз тәркілеген құлыпталған телефонда сақталған екен. Ал күдікті іс насырға шауып бара жатқанын сезгенде телефонын сұрап, бізге бәрін көрсетті. Егер оның бұл видеосы болмаса не істер еді? Елестетіп көріңізші!

Мойындауға мәжбүрмін: амал не, бүгінде қоғамдық пікір тергеуге ықпал ете алады.

- Сырттан түсетін қысымнан құтылудың жолы бар ма?

- Өз басым, егер әлеуметтік желілердегі қылмыстық істер туралы ақпарат теріс жолмен берілсе, түсінуге және жауап беруге тырысамын. Бірақ мәселе мынада, тіпті сіздің әріптестеріңіз мұндай посттарға пікір жаза бастайды, бұл қауіпті пікір қалыптастыруға әкеп соғадыы және басқа жағдайға ұқсайды. Бірақ қылмыстық істер бірдей бола алмайды. Олардың әрқайсы бөлек. Егер сіз аудиторияға бір нәрсе жазсаңыз, ол ақпаратты екі рет тексеру керек. Бірақ сіздің әріптестеріңізде олар сенетін көптеген қолданушысы бар. Осылайша, қоғамдық пікірді күшейту процесі басталады.

- Демек қолданушыларға эмоцияға қатты берілмей, жарияланып жатқанның бәріне сыни көзбен қарауды сұрау керек пе?

- Иә. Мен посттың сипаттамасында жауап бергенде, мен бұл ақпаратты ауадан алмаймын ғой. Әдетте, менің түсініктемелерім қабылданбай жатады. Белгілі бір адамдар тобы осылай жасауға тырысады. Бірақ менің түсіндіруімнен кейін басқа пайдаланушылар олармен дауласа бастайды, өзара дауласып жатады.

Жалпы, бәріне жағымсыз бір тонмен реңк беруге талпынғандар барын байқаймын. Таяуда осыған нақты бір мысал болды: Алматы қаласының полицейлері массаж салонын жауып тастағаны туралы ақпаратты ("Полицейские города Алматы накрыли массажный салон") өз парақшасына жариялады. Бәрі жақсы еді, жұрт пікір жазып жатқан, сөйтсе Дина Таңсәрі былай деп жазыпты: "Полиция басшысынан бандиттік сленгті есту өкінішті". Мен басшы емес, орынбасармын. Сонымен қатар, мен оған сөздіктен үзінділермен жауап беруіме тура келді. Басқа пайдаланушылар талқылауға қосылды. Ақыр соңында, ол ұстанымын өзгертіп, дұрыс жазбағанын мойындады. Бірақ сонымен бірге ол менің постымды өз парағын жариялап, іс жүзінде мені бандитке теңестіреді. Мен оның жазбасына да жауап беруіме тура келді.

- Жоқ жерден беделді түсіруге талпыну ма?

- Бірақ бұл тіпті полицияның атына қандай да бір теріс әсер ететін жағдай да емес. Барлық жерде жағымсыз нәрсе жазу әдет пе деймін.

Осы ұйыммен байланысты екінші оқиға Түрксіб ауданында болды. Азаматтық некедегі жұп, екеуі де Өзбекстанның азаматы, пәтер жалдаған. Олар қандай да бір жолмен өз отандасымен танысып, кештердің бірінде қонаққа шақырады. Арақ, сыра ішкен – біз сол жерден көптеген бөтелкелерді шығардық. Бір сәтте қонақ қыз бір бөлмеге ұйықтау үшін кіреді, үй иесі артынан кіреді. Сосын тиісе бастайды. Бірге тұрып жатқан келіншек жартылай ашық есіктен телефон камерасына оқиғаның бәрін түсіре бастайды. Түсірілім 12 минутқа созылды. Содан кейін бірге тұрып жатқан адамына компромат алған соң үйден кетіп қалады.

Пәтер иесі кеткеннен кейін оның бірге тұрып жатқан жігіті қызды зорлайды. Қатты зорлайды. Бұл факт, өкінішке қарай, расталды. Жәбірленуші ауруханаға түседі, Өзбекстан азаматы тергеу изоляторына қамалады. Сосын қордың жазбасы пайда болады, онда бір топ адам - Өзбекстан азаматы мен оның бірге тұратын адамы зорлады деп айтылады, оның үстіне осы заңсыздықты видеоға түсіргені айтылады. Мұны жұртшылық қалай қабылдағаны түсінікті. Шу шығады. Мен күдіктіні босатты ма деп ойладым. Түрксіб АІІБ бастығына қоңырау шалдым, оның тергеу изоляторында екенін растады. Қоғамда шу шығып, ІІМ тез әрекет етуді талап етті. Осы шуды басу үшін бірге тұрып жатқан әйелін де қамау керек болды. Бұл дұрыс емес қой! Мен брифинг өткізіп, түсіндіруме тура келді: видео бақытсыз жәбірленушіні мазақ ету үшін емес, сатқындықтың дәлелі ретінде жасалғанны айттым.

- Сонда қоғам пікіріне қандай да бір әсер ететін тетік жоқ қой?

- Қылмыстық кодексте 274-бап бар – көрінеу жалған ақпарат тарату. Бірақ процедуралық нюанстар бар. Егер қасақана болса, дәлелдеуі қиын болатын қаскөйлік мақсаттар болуы керек. Шешілмес түйін.

Қордың кейінгі бір қауесеті. Жетісу АІІБ, взвод командирі туралы. Оқыдыңыздар ма? Ол әйелін ұрып-соғыпты деген ақпарат, сосын әйелі қашып Алатау ауданындағы қамқоршылық үйіне барды делінген. Содан кейін ол оны арнайы қызмет өкілдерімен келіп алып кетіпті-мыс. Біздің қызметкерімізді қатал абьюзер деп көрсеткен, сонымен қатар барлық полицей осындай деген түсінік қалыптастыруға тырысқан. Бірақ іс жүзінде барлық жағдайды бұрып жіберген, оны әйелінің өзі де білмеген. Ал негізі әйелі SMS-хабарламаға байланысты күйеуін опасыздық жасады деп күдіктеніп, жанжал шығарған.

- Ол сонда неге қамқоршылық үйіне кетіп қалған?

- Жанжалдан кейін әріптесіміздің әйелі досына қоңырау шалады. Ол өзімен бірге әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесін алып келеді. ІІБ қызметкерінің жұбайының өміріне қауіп төніп тұр деп, дәл сол құрбысы айтқанын қайтпай қойыпты. Сондықтан күштеп қамқоршылық үйіне әтеткен. Негізінде ешқандай шабуыл болған жоқ. Нәтижесінде әйел қамқоршылық үйіне орналастырылып, онда оның телефонын алып қойған, одан сим-картасын да шығарып алған. Баспана мұны қауіпсіздік мақсатында жасайды, бұл дұрыс. Міне, оқиға осылай болған.

- Арнайы қызметтегі сарбаздар қайдан жүр?

- Ештеңе де болған жоқ. Әйелді шелтерден өз ағасы алып кетуге барған. Ал жарылған ерінің суретіне келер болсақ, 16 мамырда әйелдің өзі баласымен бірге велосипедтен құлапты, мұны күйеуімен алмасқан хатынан растай алдық. Қызметтік тексеріп жүргізіп, бәрін зерттедік.

Ал миға симайтын нәрсе – біздің қызметкердің жұбайы жұрт шулап кеткен оқиға туралы бізден білді. Әлеуметтік желілердегі барлық ақпарат оның келісімінсіз орналастырылған. Взвод командирі резервке өткенін айтқанымызда да осы тақырып бойынша спекуляция жалғасты. Мысалы, қолданушылардың бірі полиция қызметкерінің әйелі ауруханада екенін жазды. Жайдан-жай жатқан жоқ деген оймен жазылды. Иә, жайдан-жай емес, ем қабылдап жатқан үш жасар баласымен бірге жатқан.

Ал осы ақпараттық науқанды бастаған қоғамдық қордың жетекшісі маған "жұртшылық дұрыс түсінбей қалды" деп sms-хабарлама жіберді.

2020 жылы қазақстандықтар оқшауланған кезде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері көбірек болғанын мойындаймын. Бірақ 2021 жыл мен өткенді салыстыру дұрыс емес. Тіпті құқықбұзушылықтың басқа түрлері бойынша талдау жүргізу мүмкін емес, сондықтан мен биылды 2019 жылмен салыстыруды ұсынамын, елестетіп көріңізші, қатаң карантин шектеулері кезінде мен Әуезов ауданында үш тәулік ішінде бірде-бір қоңырау болмағанын алғаш рет көрдім!

- Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккенде немесе оның куәгері болғанда әрекет алгоритмі қандай болуы керек?

- Кейбір әйелдер 102 нөміріне хабарласады, ал басқалары анасына, досына барады, бірақ полицияға хабарламайды. Бірақ бәрі де ересек адамдар ғой. Жәбірленуші қоңырау шалып, топ шақырту бойынша келгенде өтініш жазудан бас тартқан жағдайлар аз емес. Әйел өзін қалай ұстау керегі туралы алгоритм қарапайым – 102 нөміріне хабарлау.

- Бірақ қоғам белсенділері полиция мұндай істерден қашады деп жатыр ғой.

- Біз қалай қашады екенбіз? Әсіресе қазіргі уақытта бәрі де қолжетімді болған кезде? Біздің қызметкерлер әрдайым дұрыс әрекет ете бермейтінін мойындаймын. Мысалы, хабар-ошарсыз кеткендерге қатысты. Бір күнде бізде орта есеппен жеті адам хабарсыз кетеді. Келесі күні түскі ас кезінде жеті адам, әдетте, үйінде болады. Бізге хабар-ошарсыз кеткендер туралы мәлімдемелермен келген кезде, әрине, материал жиналады. Бірақ, өз тәжірибесіне сүйене отырып, қызметкер бұл адамның ертең оралатынын түсінеді. Нәтижесінде ол туыстарымен дұрыс қарым-қатынас жасай қоймайды. Ал полиция туралы алғашқы пікірді кезекші бөлімдердегі қызметкерлер қалыптастырады. Міне, бұл мәдениет мәселесі. Түзелу керек.

- Әлеуметтік желілерде жазылатын тағы бір проблема – синтетикалық есірткілер жарнамасы және оны жасыратындар.

- Мұнда қиыны, біздің топ оқиға орнына барғанда жасыратындар қашып кетеді. Ешкім де патрульді күтіп отырмайды ғой.

Таяуда ҚК-ға есірткі насихаты мен жарнамасы туралы заң енгізілді, бұрын мұндай жоқ еді. Үйдің қабырғасына сайт адресін жазып жатқанында ұстап алмасаң басқа амалы жоқ. Ал есірткі жасыратындарға қатысты дәл осылармен ғана айналысатын жедел әрекет ету тобын құру туралы идеям бар.

Жалпы, есірткі жарнамасымен немесе кепілгерлермен жұмыс істеу туралы ұсыныстармен күресу керек. Егер сіз үйдің жанынан өтіп бара жатып, жарнаманы көрсеңіз - бояу бөтелкесін алып, оны бояңыз. Бұл әлеуметтік желілерде жазудан артық уақытты қажет етпейді. Айтпақшы, еріктілермен қосылып мұндай жазуларды үнемі бояп жүреміз.

Иә, Telegram-арналарда есірткіні тарату бойынша ашықтан ашық жұмыс ұсынылады. Ресурс әкімшілігі оларды бұғаттауы үшін олар жаппай шағымдануы керек. Әрине, біздің қызметкерлер де осындай арналарды анықтап жатыр. Бірақ бір бұғатталғанның орнына он жаңасы пайда болып жатады.

Түсіну маңызды: қазіргі заманғы есірткі сатушылар мүлдем басқа схема бойынша жұмыс істейді, олардың ешқайсы батырмасы бар телефондармен жүрмейді және үйден 90-жылдардағыдай дозаны сатпайды. Егер сіз Facebook-тегі есірткі жарнамасын бассаңыз, ол Telegram каналына апарады. Сосын бәрі – әрі қарай ұстай алмай қаласыз. Бұл арнаның әкімшісі Қазақстанда емес, Ресейде немесе Украинада болуы мүмкін, мысалы. Ақырын таба алмай қаласың.

- Әлеуметтік желілерді жұмыс құралдарының бірі ретінде қолданумен қатар, сіз Алматы ПД фронт-кеңселері базасында медиатив кабинеттерін ашу туралы бастама көтердіңіз. Бұл ұсынысыңыз өзін ақтады ма?

- Медиатив кабинеттері биыл мамыр айында ғана жұмыс істей бастады. Олардың басты міндеті – адамдарға, егер олардың проблемасы полиция департаментінің қызметінде болмаса, қайда бару керегін түсіндіру. Кейде олар бізге келісімшарт талаптарын бұзу туралы және тағы басқалар туралы мәлімдемелермен келеді. Медиатор ықтимал өтініш берушіге мәселені шешу үшін қандай қадамдар жасау керегін, қандай құжаттар қажет екенін, белгілі бір рәсімдерді қалай дұрыс орындау керегін түсіндіреді.

Медиатив кабинеттері ашылғаннан бері ұзақ уақыт өте қойған жоқ, бірақ оң пікірлер бар. Бұл Алматы полиция департаментінің тиімді жұмысын құру бойынша одан әрі іс-қимыл жасауға ынталандырады. Біздің әлеуметтік желілердегі қалалықтармен өзара әрекеттесу тәжірибеміз көрсеткендей, қоғамға ашық болу соншалықты қиын емес.

Мария Серова

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: