Алдымен дизельдің жетпей жатқанын оңтүстік өңірдегі халық сезінді. Жанармай бекеттері отынды талон арқылы бере бастады. Ал дизель еркін сатылып жатқан орындарда ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Бір тәулік өтісімен ажиотаж Алматыға да жетті. Мегаполистегі кейбір бекеттерде сұйық отынның құны 200 теңгеден асып, артынан 95-бензиннің бағасы құбылып сала берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Kolesa.kz тілшісіне түсіндіргендей, 6 мамыр мен 10 маусым аралығында Шымкенттегі мұнай өңдейтін зауыт "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС-інде жоспарлы жөндеу жүргізілген. 13 маусымда мұнда бензин (соңғы бес күнде тәулігіне 6.5 тонна), 16 маусымда дизель (күн сайын 5.6 тонна) өндірісі қайта басталды. Оңтүстік аймақтағы жұрт тәулігіне 5.31 мың тонна АИ-92, 5.6 мың тонна дизель тұтынатынын ескерсек, қазір өндіріліп жатқан мұнай мөлшері сұранысты толық өтейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мекеме мамандары зауыт жөндеуде болғанда кәсіпкерлерде жанармайды Атырау мен Павлодардан алу мүмкіндігі болған. Алайда теміржолшылар отынды уақытылы жеткізбепті. Қазір министрлік "ҚТЖ" ҰК" АҚ-мен бірге жанар-жағармайды оңтүстік өңірге жөнелтуді тездетті.
Министрлік дерегіне сүйенсек, қазір мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті деңгейде: бензин — 195 мың тонна + зауыт резервуарында 32.1 мың тонна, дизель — 190 мың тонна + зауыт резервуарында 22.7 мың тонна. Мұнай өңдейтін зауыттардың бәрі әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр.