Сенат Жоғары соттың жаңа судьяларын сайлады

Отырыста Жоғарғы Сот қызметіне Герман Нұрбаев, Ербол Өмірәлиев және Дана Тоқмұрзина сынды судьялар ұсынылды.

Қазақстанның Жоғарғы Сот қызметіне үш жаңа судья сайланды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Отырыста Жоғарғы Сот қызметіне Герман Нұрбаев, Ербол Өмірәлиев және Дана Тоқмұрзина сынды судьялар ұсынылды.

Сот қауымдастығын корпоративті құқықтық сектордың қызметкерлерімен нығайту мақсатында екі үміткер ұсынылды: Герман Нұрбаев және Дана Тоқмұрзина, - деді Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Оның айтуынша, Герман Нұрбаев заң саласында үлкен тәжірибеге ие, инвестициялық жобаларды басқару, кәсіпкерлік құқық , сондай-ақ монополиялар саласындағы заңнамалар және жер қойнауын пайдалану мен энергиямен жабдықтауды реттейтін нарықта бойынша тәжірибелі маман.

Дана Айтмағамбетқызы - заң ғылымдарының кандидаты, салық және кәсіпкерлік құқық саласындағы маман. Ербол Жұмабайұлы - мемлекеттік заң секторының өкілі. Жалпы заң саласындағы еңбек өтілі - 25 жыл, оның 15 жылы - мемлекеттік қызметте, сондай-ақ ұлттық холдингтер мен квазимемлекеттік компанияларда 10 жыл жұмыс істеген. Ұсынылған барлық үміткерлер еліміздің заң қоғамдастығы тарапынан үлкен құрметке ие және Жоғарғы Сот судьясының жауапты жұмысына дайын, - деді Шипп.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: