"Дельта штамм" Қазақстанның бүкіл өңірінде тіркелді - ҚР ДСМ

Сурет: zakon.kz
КВИ-ге шалдыққан науқастардан алынған сынамаға ПТР-тест жасалып, көбісі диагнозды растады.

"Үнді" штамм Қазақстанның барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында да анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, КВИ-ге шалдыққан науқастардан алынған сынамаға ПТР-тест жасалып, көбісі диагнозды растады.

2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша үнді штамын анықтау үшін ПТР-тест бойынша 414 сынама тексерілді. Анықталған үнді штамы - 48,3%, яғни барлық облыстар мен Нур-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында да табылды, деп атап өтті құзырлы ведомства.

Мутация және оның "дельта штамға" жататындығын соңғы зерттеу - ДНҚ үлгілерінің толық геномдық секвенциясы аяқталғаннан кейін анықталады.

"Дельта-штамм" инфекциясының ерекшелігі - инкубациялық кезеңнің 5 күнге дейін қысқарады, ішек ауруларының белгілері басым, ауру тез өршиді, науқастар арасында жастардың көбеюі, балалар және жүкті әйелдер арасындағы ауру ауыр жүреді, - деді министрлік.

Өзіңізді инфекциядан қорғаудың жалғыз жолы - COVID-19 вакциналау курсын аяқтау.

Вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын алу шараларын сақтау қажет: маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және т.б. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға сүйенсек, әлемнің 96 елінде SARS-CoV-2 "дельта штамы" анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін