Ковидқа қарсы екпе: Үлкендерден соң балаларға кезек келуі мүмкін - сарапшы

zakon.kz
Кейбір елдер шешім қабылдады, атап айтқанда АҚШ-та 12 мен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге Moderna вакцинасын салуға рұқсат берілді.

Қазақстанда ересек тұрғындардың көпшілігі коронавирус инфекциясына қарсы екпе алып болған соң кезек балаларға да келеді. Мұндай пікірді биомедициналық зерттеулер саласының маманы, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Балаларды вакциналау. Бұл екі себеп бойынша өте өзекті мәселе. Біріншіден, қазір зерттеулер көрсеткендей, "дельта штамм" балаларда 5 есе жиі кездесетін болды. Екіншіден, балалар қоғамның мобильді бөлігі болып табылады және олар белгілі бір дәрежеде олардың таралуына ықпал етеді, олар - тасымалдаушылар. Міне, бұл арада осындай мәселе бар, біріншіден, біз осал азаматтарға, созылмалы ауруға шалдыққандарға қамқорлық жасауымыз керек - бұл егде жастағы адамдар, - деді Шарман коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация бойынша веб-семинар кезінде.

Оның айтуынша, бірінші кезекте егде жастағы адамдарға вакцина салу керек.

Сонымен бірге, біздің қоғам ең мобильді бөлігі анда-мында көп шапқыламас үшін әрі неше түрлі инфекцияны жаппай таратпайтындай жағдайды ойлануымыз керек. Сондықтан кейбір елдер шешім қабылдады, атап айтқанда АҚШ-та 12 мен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге Moderna вакцинасын салуға рұқсат берілді. ДДҰ балаларды басқа вакциналармен вакцинациялауға рұқсат берді. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері өзінің ережелерінде мұндай рұқсатты әлі енгізген жоқ. Демек, бұл мәселе бізде ашық күйінде қалып отыр. Ересектердің басым көпшілігі Қазақстанда вакцина алған соң, кезек балаларға келсе, оған мен таң қалмаймын, - деп сөзін аяқтады ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты