Міндетті екпені алмағандар қалай жазаланады

Екпе алмай қойған жұмысшылардың өздеріне айыппұл салынбайды.

1 шілдеде Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойып жіберіп, соған сәйкес кей тұлғалар үшін вакцина алу міндетті болды. Атап айтқанда, қызмет көрсету саласының жұмысшылары, сондай-ақ адам саны 20-дан асатын ұжым қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін 15 шілдеге дейін, екіншісін 15 тамызға дейін салдыртуы тиіс. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ержан Байтанаев сол мерзімге дейін екпе алмағандарды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Екпе алмай қойған жұмысшылардың өздеріне айыппұл салынбайды. Ал екпе алмай жүрген қызметкерінің жұмыс істеуіне жол берген кәсіпкерлерге ҚР Әкімшілік кодексінің 462-бабы (3-тармағы) бойынша айыппұл салынады.

Бір адамдық Дара кәсіпкер қалай жазаланады?

Қол астында жұмысшысы жоқ шаштараз жеке кәсіп ашып, өзі жұмыс істесе, ДСМ ондайларға жеке тұлға ретінде 5 АЕК көлемінде айыппұл салу туралы шешімге келді.

Вакциналауды тексеру қашан басталады?

15 шілдеден кейін вакцинаның бірінші компоненті бойынша рейдтік тексерулер басталады, ал 15 тамыздан кейін екі компонентпен толық екпе алғандарды жаппай тексеру басталады, деді Ержан Байтанаев.

Бұж жұмысқа әкімдіктердің мониторингтік топтары тартылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: