Мыңнан астам ауған азаматы Тәжікстанға қашып кірді

Radioi Ozodi (RFE/RL)
Жергілікті билік өз аймағына әзірге 10 мыңға дейін ауған азаматтарын орналастыра алатынын мәлімдеді.

Таулы Бадахшан автономды облысының билігі Ауғанстанның солтүстігіндегі аймақтардың көбін талибандар басып алғаннан кейін мыңнан астам адам Тәжікстанға қашып келді деп мәлімдеді.

Босқындарға барлық жағдай жасалып, тегін ыстық тамақ беріліп жатыр. Бүгінгі күндері оларға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде халықаралық қайырымдылық ұйымдарымен келіссөз жүріп жатыр, - деп хабарлады облыстық әкімшілік өкілі.

Мекеменің баспасөз хатшысы Голиб Ниятбекзода Ауғанстаннан 1037 адам қашып келгенін, олардың саны тағы өсуі мүмкін екенін жеткізді. Оның сөзінше, босқындар шекарадан Ауғанстанның Бадахшан аймағындағы бірнеше уезді тәлібтер басып алған 4-5 шілде күндері ауған, дейді centralasian.org.

Жергілікті билік өз аймағына әзірге 10 мыңға дейін ауған азаматтарын орналастыра алатынын мәлімдеді.

Бір күн бұрын Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Тәжікстан аймағына қашып кеткен 2300 ауған әскері қайтып оралды деп хабарлаған.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция Ауғанстаннан шыға бастағаннан кейін Талибан қозғалысы өлкедегі елуден астам аймақты басып алды.

Тәжік билігінің мәліметінше, қазір ортадағы шекараның үштен екі бөлігі тәлібтер бақылауында. Тәжік-ауған шекарасының қашықтығы 1350 шақырымнан астам.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр