Шығыс Қазақстан облысының жаңа прокуроры тағайындалды

Ақорда
Бұл лауазымды қызметке Алмат Байшолақов келді.

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Алмат Мұратұлы Байшолақов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алмат Байшолақов 1975 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.

Әр жылдары Алматы облысы Іле ауданының, Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратураларын, Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармаларын басқарды. Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Департаменттерін басқарды.

Соңғы екі жылда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін