Аптап ыстықтың беті қайтады. 27-29 шілдеге арналған ауа-райы болжамы

inbusiness.kz
Аптаның басында Мәскеу аумағынан келетін антициклон еліміздің көп бөлігіне әсер етеді.

Синоптиктер 27-29 шілде аралығындағы ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның солтүстігінде аптап ыстықтың беті қайтып, сынап бағаны ақырындап төмендей бастайды деп күтіледі.

Аптаның басында Мәскеу аумағынан келетін антициклон еліміздің көп бөлігіне әсер етеді.

Осыған байланысты салқын ауа массалары жылжып келіп, сынап бағанының төмендеуіне әкеліп соғады. Негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Түн салқын, ал күндізгі температура ыңғайлы болады деп болжанады. Ал республика аумағындағы ауа-райды төмен қысымды алаң анықтайтын болады. Осы жағынан алғанда, 28 шілдеде батыс пен шығыста, 28-29 шілдеде Қазақстанның солтүстігі, солтүстік-батысында және оңтүстік жартысында, 29 шілдеде орталықта, күн күркіреп, екпінді жел соғып, бұршақ аралас өткінші жаңбыр жауады деп болжанады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 8-16, ал күндіз 17-30 градус, орталықта және шығыста түнде 8-18, күндіз 22-30 градус болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады