Қазақстан баламалы энергия көздерін дамытады

pixabay.com
Үкімет басшысының қатысуымен бірқатар құжатқа қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Премьер-vинистрі Асқар Мамин Eni энергетика компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Eni компаниясы Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді және Қазақстан экономикасына $15 млрд астам инвестиция салды.

Тараптар Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында мұнай мен конденсат өндіру деңгейін арттыру және оны сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздері жобаларын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Асқар Мамин Eni Қазақстанның маңызды инвестициялық серіктесі екенін атап өтіп, компанияның Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын игеруге, сондай-ақ Исатай және Абай кен орындарында барлау жұмыстарын жүргізуге қосқан үлесін атап өтті.

Eni компаниясы ҚР-дағы энергетикалық көшу және көміртексіздендіру жобаларына қомақты үлес қосуда. Осы бағыт аясында бірқатар бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Ақтөбе облысында қуаты 100 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы бойынша жоба іске асырылуда және Түркістан облысында қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы аяқталуда.

Үкімет басшысының қатысуымен бірқатар құжатқа қол қойылды.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен Eni компаниясы арасында электр энергиясын өндіру және іске асыру үшін энергетикалық көшу жобаларын әзірлеудегі ынтымақтастық туралы және ҚР-да ауыл шаруашылығы және сутегі жобаларын дамыту туралы меморандумдарға қол қойылды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, "Қазгеология" АҚ мен Eni компаниясы арасында ҚР аумағында жер қойнауын пайдалану жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты