Қола еншілеген Чиншанло: Үшінші мүмкіндігімді пайдаланған жоқпын...

24kz
Зүлфия Чиншанло Токиодағы жеңісіне көңілі толатындығын айтты.

Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло Токиодағы Олимпиада ойындарында қола медаль алып, еліміз жүлде еншіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол Olympic.kz сайтына берген сұқбатында 2024 жылғы Олимпиадаға қатысып, ол кезде бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысатынын айтты.

"Жетістігіме көңілім толады. 2014 жылғы әлем чемпионатынан кейін менде айтарлықтай жақсы нәтиже болған жоқ. Ең бастысы, жақсы эмоцияларды сезінетін кез келді. Расында, қуаныштымын. Серпе көтерудегі үшінші мүмкіндігімді пайдаланған жоқпын. Өйткені, бәрібір қуып жете алмайтын едім. Жаттығу жиындарында 130 келіні алаңсыз көтеріп жүрдім. Бірақ ол кездегі салмағым 57 келі еді. Олимпиадада салмақ қуып, 2,5 келіден арылуға тура келді. Жұлқа көтеруден кейбір нәтижелерімді есепке алмады. Қолымды тік ұстамағаным, тепе-теңдікті сақтамағаным себеп болды. Яғни, сәл ғана артық қимыл жасасаң, салмақты есепке алмайды", - дейді спортшы қыз.

Ол пандемия дайындығына айтарлықтай әсер етпегенін, бәрі жақсы өткенін айтып, баршаға алғыс білдірді. Әсіресе, үнемі қасынан табылатын күйеуі мен бапкерлеріне.

Виктор Ни, Бақыт Ахметовтерге алғысым шексіз. Жанкүйерлерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Париж Олимпиадасында сынға түсуге тырысамын. Бір жылдан соң Азия ойындары да күтіп тұр. Токиодан соң аздап демалып, болашаққа жоспар құрамын. Әзірге, жұлқа көтеруді біраз жақсару керек. Бір жылдан соң 2024 жылғы Олимпиадаға қатысты бәрі белгілі болады, - деді Чиншанло.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды