Шымкентте эпидахуалға байланысты тағы бір уақытша стационар ашылды

otyrar.kz
Қалалық психикалық денсаулық орталығында ашылған стационар 100 орынға лайықталған.

Шымкентте эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне байланысты тағы инфекциялық стационар ашылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық психикалық денсаулық орталығында ашылған стационар 100 орынға лайықталған. Мұнда коронавирирус инфекциясы мен пневмонияның орташа және ауыр түріне шалдыққан науқастар ем алуда, делінген otyrar.kz хабарламасында.

Инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеу үшін орталықта дәрі қоры мен қажетті медициналық құрылғылар жеткілікті. Сондай-ақ мекемедегі медицина мамандары арнайы оқытудан өтіп, біліктілігін арттырған. Қазір мұнда инфекцияға шалдыққан 19 науқас ем алып жатыр.

Айта кетейік, 2020 жылы қалада эпидемиялогиялық жағда өршіген тұста психикалық денсаулық орталығының мамандары коронавируспен күресте алдыңғы шепте қызмет етті. Емдеу мекемесінде провизорлық орталық ашылып, медицина мамандары қауіпті індетке шалдыққан науқастарды емдеп жазды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды