Алматы билігі медқызметкерлер әзірлеуге 120 грант бөледі

Михеев Павел
120 гранттың көпшілігі "жұқпалы аурулар", "анестезиология" және "реанимация" мамандықтарына арнайы бөлінеді.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қала билігі жұқпалы аурулар жөніндегі мамандарды, анестезиологтар мен реаниматологтарды оқытуға 120 грант бөлетінін айтты. Осылайша олар медициналық ұйымдардағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге тырысады, деп хабарлайды zakon.kz.

Пандемия басталған кезде жұқпалы аурулар бойынша мамандар мен реаниматологтардың жетіспеушілігі байқалды. Бұл тапшылық бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Кадр тапшылығын жою мақсатында үлкен жоба қарастырылды. Биыл қаты тапшы мамандықтар бойынша резидентурада оқуға біздің университеттер базасында 120 грант бөлінетін болады. Ақша жергілікті бюджеттен бөлінеді. 120 гранттың көпшілігі "жұқпалы аурулар", "анестезиология" және "реанимация" мамандықтарына арнайы бөлінеді, - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар ауруханаларында 6 315 медицина қызметкері жұмыс істейді. Сонымен қатар, жұқпалы аурулар ауруханаларында жұмыс істегісі келетіндердің резерві бар. Бұл - интернатураның, резидентураның, колледждің түлектері және қазіргі уақытта емханаларда жұмыс істейтін қызметкерлер. 2 мыңнан астам қызметкер резервте бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды