Вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ - Алмаз Шарман

zakon.kz
Мамандар вакцина індеттен 100% қорғамаса да, ауру ағымының ауыр болуынан сақтайды дейді. Дәрігерлердің айтуынша, қауіпті дерттің құрығына ілінгендер- екпе алмағандар.

Вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ. Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман осылай дейді, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Алмаз ШАРМАН, АМЕРИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі таңда әлемде 4 млрд түрлі доза вакцина салынған. Вакцинаның құр өзі СOVID-19-ды тудырмайтыны анық. Вакцина репродуктивті жүйенің қызметін бұзбайды. Сондай-ақ жаңа туған сәбиде түрлі ауру тудырмайды.

Мамандар вакцина індеттен 100% қорғамаса да, ауру ағымының ауыр болуынан сақтайды дейді. Дәрігерлердің айтуынша, қауіпті дерттің құрығына ілінгендер- екпе алмағандар.

Сәуле АТЫҒАЕВА, ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕР:

Бүгінгі статистиканы қарасаңыз, Қазақстанда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония мен коронавирустан 149 адам қайтыс болды. Барлық науқас вакцина алмаған. Бұл дегеніміз 5-қабатты үйдің тұрғындары деген сөз. Егер күнде қайтыс болғандар саны осылай болса, бір күнде бір ауылды, ауданды жоғалтамыз. Ол біреудің ата-анасы, біреудің баласы.

Сондықтан мамандар халықтың 80 пайызы вакциналанбайынша карантинді жеңілдетпеу керек деп санайды. Ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, үнемі жаңа толқындармен, жаңа індеттермен күресуге тура келетінін айтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді