АҚШ Қазақстанды COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары елдердің тізіміне енгізіп қойды

pixabay.com
Қазақстанда орын алып отырған жағдайға байланысты, тіпті толық вакцина курсынан өткен саяхатшылардың да COVID-19 нұсқаларын жұқтыру және тарату қаупі болуы мүмкін, - дейді АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жасаған COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары елдердің тізіміне Қазақстан да еніп кетіпті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл бағыттарға барудан аулақ болыңыздар. Егер сізге осы елдерге бару қажет болса, сапарға шықпас бұрын толық вакцина алғандығыңызға көз жеткізіңіз, делінген АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы хабарламасында.

Бұл тізімге 70 ел кіреді. Оның ішінде Қазақстаннан басқа Грузия, Греция, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Оман, Сауд Арабиясы, Испания, Біріккен Араб Әмірліктері мен Ұлыбритания да жүр..

Қазақстанға саяхаттаушылар үшін маңызды ақпарат

Қазақстанға барудан аулақ болыңыз. Егер Қазақстанға бару аса қажет болса, сапарға шықпас бұрын толық вакцина алғандығыңызға көз жеткізіңіз. Қазақстанда орын алып отырған жағдайға байланысты, тіпті толық вакцина курсынан өткен саяхатшылардың да COVID-19 нұсқаларын жұқтыру және тарату қаупі болуы мүмкін, - дейді АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы.

Сонымен қатар америкалық орталық туристер Қазақстандағы маска тағу мен әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты ұсыныстарды немесе талаптарды орындауы тиіс екенін еске салады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады