Нұр-Сұлтанда ауыр салмақты жүк көліктерінің салмағы тексерілуде

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Алайда, автокөлік құралдарының жүргізушілері көліктік бақылаудан жиі жалтарады

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы жүк тасымалдайтын ауыр автокөлік құралдарының салмағын бақылау жұмысын жандандырды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушылар жол жабынына және қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін белгіленген жүк параметрлерін қатаң сақтауға тиіс. Алайда, автокөлік құралдарының жүргізушілері көліктік бақылаудан жиі жалтарады. 2021 жылғы 18 шілдеден 10 тамызға дейін екі апта ішінде жүк автокөлік құралдары жүргізушілерінің тексеру үшін тоқтатқан кезде талапты елемеген 43 жағдайы тіркелді.

ҚР ӘҚБтК 613-бабына сәйкес бекеттерде (оның ішінде жылжымалы бекеттер де бар) көліктік бақылау қызметкерлерінің талаптарын орындамаған көлік жүргізушісіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылады. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзса, алты айға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы жүк параметрлерін өлшеу үшін тоқтату талаптарын елемеген барлық көлік иелеріне қажетті құжаттарды ұсыну және жағдайды талдау үшін жүргізушілердің келуі туралы талаптар жіберілгенін хабарлайды. Көліктік бақылау инспекциясының осы талаптарын орындамаған жүк көліктерінің иелері ҚР ӘҚБтК 462-бабына сәйкес лауазымды адамдардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Инспекция тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілерге салмақ параметрлері туралы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау керектігін және жол берілген бұзушылықтар үшін жазаға тартылатынын еске салады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Қазақстанның үш өңірінде тұрғындар референдумға дауыс беруге кезекте тұр

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді