Токио-2020: Отандық боксшылар жүлделей ақшасын қайырымдылыққа аударатын болды

olympic.kz
Қонқабаев пен Бибосыновтың алдында еркін күрес шебері Нұрислам Санаев та жүлделей ақшасын қайырымдылыққа аударған болатын.

Олимпиадада қола медаль алған қазақстандық боксшылар өздерінің ақшалай қаражатын қайырымдылыққа жұмсамақшы, деп хабарлайды zakon.kz.

Бокстан Олимпиаданың қола жүлдегерлері Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев өздерінің жүлде ақшасын қайырымдылыққа жұмсайды. Бұл туралы олар бүгін Қазақстан бокс федерациясында өткен арнайы марапаттау рәсімінде мәлімдеді.

Олимпиаданың қола жүлдесі үшін спортшылары мемлекет тарапынан 75 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бокс федерациясы "қола" үшін 50 мың доллар уәде еткен болатын. Сонымен қатар, кәсіпкерлер екі боксшының әрқайсысына автокөлік сыйлады.

Токио Олимпиадасында боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, балуан Нұрислам Санаев, сондай -ақ каратэшілер Дархан Асадилов пен Софья Берульская қола жүлдеге ие болды.

Қонқабаев пен Бибосыновтың алдында еркін күрес шебері Нұрислам Санаев та жүлделей ақшасын қайырымдылыққа аударған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі