Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына басшы тағайындалды

Маңғыстау облысының әкімдігі
Аманбек Қабдешұлы Жұмыров тағайындалды.

Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмовтың өкімімен Аманбек Қабдешұлы Жұмыров облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

А.Жұмыров 1964 жылы туған. Білімі жоғары.

1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын, 2014 жылы Атырау мұнай және газ институтын, 2019 КДСЖМ Қазақстандық медицина университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын балалар ауруханасында дәрігер хирург болып бастаған.

2015 жылы Атырау облысы Махамбет аудандық орталық ауруханасында бас дәрігері болды.

Кейінгі жылдары Атырау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы, облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясының директоры, облыстық балалар ауруханасының директоры қызметтерін атқарған.

А.Жұмыров ағымдағы жылдың маусым айынан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды