Азамат Батырқожа вице-министр лауазымынан босатылды

ПМ
Вице-министр лауазымына дейін ол жекеменшік компанияларда және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді.

Батырқожа Азамат Байқуанышұлы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице -министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ф.Е. Дзержинский атындағы стратегиялық зымыран күштері әскери академиясын, "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы жеке компанияда күзет бөлімінде арнайы технигі болып бастады.

1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

Осы жылдар ішінде ол жекеменшік компанияларда және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді, Көлік және коммуникация министрліктерінде әртүрлі қызметтерді атқарды.

2019 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш вице-министрі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі