Ауғанстаннан келген қазақстандықтар мен БҰҰ қызметкерлері карантинде - санитарлық дәрігер

zakon.kz/ Павел Михеев
Келгендердің барлығы ПТР-тест өткізіп, COVID-19-ға тексерілді. Олардың ешқайсысынан инфекция анықталмағаны атап өтіледі.

Алматы қалалық Сантарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ауғанстаннан келген қазақстандықтар мен БҰҰ қызметкерлерінің карантинге оқшауланғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

19 тамызда Кабулдан Алматыға екі рейс келгені хабарланды. Бірінші ұшақта Қазақстанның 27 азаматы (оның ішінде алты бала) және Қырғызстанның 15 азаматы болған. Қырғыздар бірден әуежайдан туған жеріне ұшып кетті, ал қазақстандықтар Shera Inn қонақ үйіне орналастырылды.

Екінші рейспен БҰҰ дипломатиялық миссиясының 135 мүшесі ұшып келді. Олардың арасында Ауғанстан азаматтары болған жоқ. Олар Rixos қонақ үйіне орналастырылды.

22 тамызда Кабулдан Алматыға БҰҰ-да жұмыс істейтін 108 адам келді. Олар Intercontinental қонақ үйіне орналастырылды.

Келгендердің барлығы ПТР-тест өткізіп, COVID-19-ға тексерілді. Олардың ешқайсысынан инфекция анықталмағаны атап өтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр