Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы автобустарда Ashyq қосымшасы іске қосылады ма

zakon.kz
Қазақстанда карантин 28 тамыздан бастап жұмсартылды.

Zakon.kz редакциясы Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы қоғамдық көліктерге Ashyq жобасын енгізу жоспарланып отырған-отырмағанын анықтады.

Елорда әкімдігі Ashyq жүйесін енгізу жоспарланбағанын хабарлады, бірақ олар қоғамдық көлік жолаушыларынан қолданыстағы санитарлық ережелерді қатаң сақтауды сұрайды.

Ол ережелер өзгеріссіз қалып отыр: бетперде тағу, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, автобустың алдыңғы есігінен кіру. Біз Ashyq жобасын енгізуді жоспарлап отырған жоқпыз, - деді әкімдік редакцияның сауалына берген жауабында.

Алматы автобустарына да Ashyq-ты енгізу жоспарланбаған.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктерде Ashyq қосымшасын енгізу қарастырылмаған, - деп жауап берді олар ресми сауалға.

Естеріңізге сала кетейік, 5 тамызда Атырау автобустарында Ashyq жүйесі енгізілген болатын. Бұл - қосымша арқылы қоғамдық көлікке кіргендерді бақылауға алынған Қазақстандағы бірінші қала.

Қазақстанда карантин 28 тамыздан бастап жұмсартылды. Тек Алматыдан басқасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі