"Қайраттың" бас бапкері болып Құрбан Бердыев келді

fckairat.com
68 жастағы маман алматылық клубтың тізгінін үшінші мәрте ұстағалы отыр.

Алматылық "Қайрат" футбол клубы Құрбан Бердыевтың бас бапкер қызметіне тағайындалғанын хабарлады, дейді aladop.kz.

68 жастағы маман алматылық клубтың тізгінін үшінші мәрте ұстағалы отыр. Бердыев бұған дейін 1991-93 және 1994-95 жылдар аралығында "Қайраттың" бас бапкері болған.

Бердыев биыл "Қайраттың" бас бапкері атанған үшінші маман. Бұған дейін алматылық команданың Алексей Шпилевский жаттықтырды. Бірақ ол маусым басында германиялық командаға кетті. Кейін маусым айында оның орнына Кирилл Кекер келді. Алайда бұл маман Еуропа лигасындағы сәтсіздіктен кейін қызметінен кетті. Содан соң бас бапкер қызметін уақытша Артем Гавриленко атқарып келді.

Айта кетейік, Бердыев мамыр айынан бері "Қайратта" кеңесшісі ретінде жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды

Алматы әкімі Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады