Байден "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына соққы беруді тапсырды

Reuters Reuters
Бейсенбі күні кешке Кабул әуежайында болған жарылыстардан 103 адам қаза тапты.

Вашингтон 26 тамызда Кабулде болған жарылыстардың артында кімдер тұрғанын анықтап, оларды жауапқа тартады, деп мәлімдеді АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйдегі брифингте.

Осы шабуылды жасағандар, сонымен бірге Америкаға қастық ойлағандар, біліп жүріңдер: біз бұны кешірмейміз. Біз бұны ұмытпаймыз. Біз іздеп тауып, жазасын береміз, — деді Байден.

АҚШ президентінің пікірінше, Кабулдегі жарылыстарды "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы ұйымдастырған болуы мүмкін. Байден Пентагонға Ауғанстан астанасында теракт жасаған содырларға соққы жасау жоспарын дайындауды тапсырды.

"Талибан" мен ИМ содырлары осы шабуылды бірген жасаған деуге АҚШ-та әзірге дәлел жоқ. Байденнің айтуынша, тәліптерге ИМ-мен байланыс орнату тиімсіз, өйткені олар АҚШ-тың Ауғанстандағы адамдарды эвакуациялауды тезірек аяқтағанын қалайды.

Бейсенбі күні кешке Кабул әуежайында болған жарылыстардан 103 адам қаза тапты, деп хабарлады The Wall Street Journal. 150 адам жараланған.

Шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мойнына алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2025 жылдың 1 мамырынан бастап жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейді

"Бөдененің жұмыртқасындай". СҚО-да бұршақ жауды

Телефондағы деректердің ұрлануынан қалай қорғануға болады - үздік 3 кеңес

Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы