Жамбыл облысында жарылыс болған маңда шаңды дауыл соғып тұр - видео

Пойыздан түскен адамдар желден ығып, қалтарыста автобус күтіп тұр.

Қатты дауыл тұрып, әскери бөлімнің жанында орналасқан Ақшолақ ауылын құм басты, деп хабарлайды zakon.kz.

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің қоймасы жанынан өрт шықты. Түнде шамамен 10 жарылыс дүмпілдеп, содан кейін өрт басталды. Төтенше оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті шұғыл кеңес өткізіп, ведомствоаралық комиссия құруға тапсырма берді. Тоғыз адам құрбан болды. Олар ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, әскери бөлім, әскерилендірілген күзет және әскери прокуратура қызметкерлері болып табылады. Олардың жеке басы анықталып жатыр.

Бүгін әскери бөлімнен алыс емес Ақшолақ ауылында шаңды дауыл басталды. Мінезге басқан табиғи құбылыстың видеосы желіде пайда болды. Кадрларда желдің күшті екпіні құмды көтеріп, салдарынан айнала көрінбей қалғанын байқауға болады. Пойыздан түскен адамдар желден ығып, қалтарыста автобус күтіп тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ???????????????? (@kris.p.taraz)

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: