Мемлекет банкирлерге көмектесуге міндетті емес - Тоқаев

zakon.kz/ Павел Михеев
Мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек деп шештік - Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында стресстік активтердің деңгейін төмендету жайына тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Стресстік активтердің деңгейін төмендету бойынша жұмыс үлкен маңызға ие. Мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек деп шештік. Сондықтан бұғатталған активтер тек қана нарықтық негізде экономикалық айналымға қайтарылуы тиіс. Бұл үшін заңнамалық негіз қажет, - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Ол үкіметке Қаржылық реттеу агенттігімен бірлесе отырып, жыл соңына дейін Парламентке тиісті заң жобасын ұсынуды тапсырды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирден мына жерден көруге болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды