Қазақстан құрамасы Украинамен тең ойнады

vesti.kz
Украина 93-ші минутта алға шығып еді, Валиуллин 95-минутта жауап қайтарды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпинатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен тең ойнады. Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Арена" стадионында өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz aladop.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесудегі есепті қонақтар ашты. Екінши минутта "Бенфиканың" шабуылшысы Роман Яромчук әдемі соққы жасап, Стас Покатиловты қапыда қалдырды.

Бірақ 74-минутта Асхат Тағыбергеннен тамаша пас алған Руслан Валиуллин гол соғып, есепті теңестірді. Ал ойынның 90+3 минутында алаңға тыңнан шыққан Даниил Сикан айып алаңындағы қарбаласты өз пайдасына жаратып, Украина құрамасын алға шығарған.

Алайда біздің жігіттер соңына дейін берілмеді. 90+6 минутта Руслан Валиуллин ойындағы екінші голын соғып, таразы басын тағы да теңестірді. Осылайша матч та өз мәресіне жетті. Екі құрамалар еншілеріне бір-бір ұпайдан салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Д тобында екі ұпаймен төртінші орынға көтерілді. Ал төрт матчта да тең түскен Украина екінші орында тұр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген