Нұр-Сұлтанда үш Covid-стационар жабылды

zakon.kz
Келесі аптада тағы 2 аурухананы жабу жоспарлануда.

Нұр-Сұлтанда екі күн ішінде үш Covid-аурухана жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Келесі аптада тағы 2 аурухананы жабу жоспарлануда.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл шешім науқастар санының азаюына байланысты дейді.

Қазір медициналық ұйымдарда ем алушылардың саны 1500-ге жетпейді. Яғни төсек-орынның 60%-ы бос тұр. Тек 40%-ында науқастар ем алып жатыр.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда вирустың таралуы бір айда 3 есеге азайды. Орта есеппен күніне 470 жаңа жағдай тіркелуде.

Соған қарамастан дәрігерлер халықты екпе алуға шақыруын тоқтатпайды. Әйтпесе, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлау қаупі бар. Ондай жағдайда, қатаң карантиндік шектеулерді қайтадан орнатуға тура келмек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Жаңа оқу жылында қазақстандық оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды