Kia-ның Қазақстандағы өкілдері 2021 жылы көктемде таныстырылған жаңарған Kia Cerato-ның тұсаукесеріне дайындалып жатыр. Компания көліктің нақты қашан сатылымға шығатынын жариялаған жоқ. Бірақ машинаның бағасы белгілі болды, дейді kolesa.kz.
Cerato 1.6 және 2 литрлік мотормен ұсынылады. Алдыңғысы 6 сатылы механика және автоматпен, ал екіншісі тек автомат қораппен жұмыс істейді. Седан бес комплектацияда сатылады.
Ең арзан Classic жиынтығының 1.6 литрлік мотор және механикалық қорапты нұсқасы 8 млн тұрады. Ал автомат қорап үшін қосымша 500 мың теңге төлеу керек. Машина алдыңғы қауіпсіздік жастығы, бірқатар электронды көмекші (VSM, HAC, BAS, ABS), салқындатқыш, әйнек пен орындық жылытқыш, артқы көрініс камерасы және 8 дюймдік экраны бар Apple CarPlay, Android Auto-мен жұмыс істейтін мультимедиа кешенімен жабдықталған.
Модельдің 1.6 литрлік мотор қойылған үздік нұсқасы — Prestige. Мұндай көлікте алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастығы, электронды көмекшілердің кең жинағы, атап айтқанда, көрінбейтін аймақты бақылау, жолақта ұстау және автоматты тежеу жүйесі бар. Соңғысы жаяу жүргіншілер мен машиналарды анықтай алады. Сондай-ақ кілтсіз ашу жүйесі, парктроник, екі аймақты климат-бақылау, круиз-бақылау, жарықдиодты шам орнатылған. Опциялар тізімінде рөлді және артқы орындықтарды жылытқыш бар. Kia Cerato Prestige 10 миллион теңге тұрады.
2.0 литрлік моторы бар седан екі комплектацияда ұсынылады: 9.2 миллионға қарапайым Comfort, ал 11.2 миллионға үздік GT Line+ нұсқасын алуға болады. Соңғысы 17 дюймдік дөңгелегі бар GT Line пакеті, LED-шам, былғарымен қапталған орындық (алдыңғы орындықтар электрлі реттеледі), смартфонды сымсыз қуаттау және Stop&Go функциясы бар бейімді круиз-бақылау сынды қосымшаларымен мақтанады.