"Ақ жол" партиясынан Мәжіліске жаңа депутат тағайындалды

видеодан кадр
Бұл ротация бұрын өз өтінішімен орнын босатқан депутат Азат Сембиновтың орнына жүргізілді.

"Ақ жол" демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы "Ақ жол" демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының босатылған мандатын 27 жастағы кәсіпкер Ғани Хамзинге беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz qazaquni.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ротация бұрын өз өтінішімен орнын босатқан депутат Азат Сембиновтың орнына жүргізілді.

Ғани Хамзин 1994 жылы дүниеге келген, Мәскеу болат және қорытпалар институтының (МИСиС) түлегі, инженер-металлург. Еңбек жолын Павлодар облысындағы тау-кен металлургия кәсіпорнында технолог болып бастады.

Содан кейін жеке бизнеске ауысып, инжиниринг, техникалық қадағалау және жобаларды басқару саласында жұмыс істейтін "Стройинтеграция" ЖШС басқаруда. Компания Қазақстанның бірнеше облыстарында нысандарды сәтті дамытып, іске асыруда.

Ғани Хамзин "Ақ жол" демократиялық партиясы Жастар қанатының белсенді қатысушысы.

Бұл шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясында тіркеуден өтуі керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады