Атақты теннисші Ярослава Шведова спорттық мансабымен қош айтыспақшы

instagram.com/yaroslavashvedova
Ярославаның қазақстандық жанкүйерлері оның соңғы ойынынан ләззат алып үлгереді деген үміттеміз.

Қазақстанның атақты теннисшісі Ярослава Шведова мансабын қазан айының басында аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазірдің өзінде әлемдік ақпарат құралдары қазақстандық спортшының кәсіби деңгейдегі мансабының аяқталуы туралы хабар таратуда.

Ресми түсініктеме алу үшін zakon.kz редакциясы Қазақстан теннис федерациясының (ҚТФ) баспасөз қызметіне хабарласты.

Ярослава Шведованың мансабына ресми түрде әлі нүкте қойылған жоқ. Ол Астана WTA 250 турнирінен кейін ғана теннистен кетпекші. Турнир 2021 жылдың 27 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Нұр-Сұлтанда өтеді, деп хабарлайды ҚТФ өкілдері.

Ярославаның қазақстандық жанкүйерлері оның соңғы ойынынан ләззат алып үлгереді деген үміттеміз.

Шведова - 2010 жылғы Англия мен АҚШ-тың ашық чемпионаттарының, сонымен қатар WTA турнирлерінің жеңімпазы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты