Қазақстандағы АЭС құрылысына қаражат бюджетте қарастырылған ба

pixabay.com
Вице-министр Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанда қауіпсіз экологиялық ядролық энергияны дамыту мүмкіндігі туралы ұсыныстарды дайындауды тапсырғанын еске салды.

ҚР Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев Мәжілісте 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының таныстырылымында АЭС құрылысына қаражат қарастырылған-қарастырылмағандығына қатысты түсініктеме берді, zakon.kz деп хабарлайды тілші.

АЭС құрылысына қажетті қаражат бүгіндері республикалық бюджет жобасына енгізілмеген, - деді Қарағаев.

Тақырыпқа орай: Қазақстанға атом электр стансасы керек – Тоқаев

Ол Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанда қауіпсіз экологиялық ядролық энергияны дамыту мүмкіндігі туралы ұсыныстарды дайындауды тапсырғанын еске салды.

Біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз, - деп сөзін түйіндеді вице -министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді