Шымкентте шенділер оқушыларға бөлінген 36 млн теңгені жымқырды

zakon.kz
Қаражат орта мектеп оқушылары мен колледж студенттерін республикалық спорттық іс-шараларға дайындау шеңберінде тамақтандыруға арналған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Түркістан облысы әкімдігінің білім басқармасы әдістемелік орталығының басшысы мен екі қызметкеріне, сондай-ақ, Шымкент қаласының серіктес-тұрғынына қатысты 36 млн. астам теңгені жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақшалай қаражат орта мектеп оқушылары мен колледж студенттерін республикалық спорттық іс-шараларға дайындау шеңберінде тамақтандыруға арналған еді.

Жымқыру тиісті тізімдемеде спортшылардың қолдарын қолдан жасау жолымен жүзеге асырылды. Яғни, бюджеттен қаражат бөлінді, ал спортшыларды тиісті деңгейде даярлау жүргізілген жоқ.

Сондай-ақ, тергеу барысында айыпталушылар алдын ала сөз байласу арқылы оларға қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің оң шешімі үшін ЭТД жедел қызметкеріне 6 млн.теңге сомасында пара бермек болған.

Әдістемелік орталықтың қызметкерлеріне 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Шымкент қаласының прокуратурасында.

Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды